×

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін тағайындады

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұған дейін 2022 жылдың қазан айынан бастап Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшісі қызметін атқарған. 2020–2022 жылдары Ілиясов Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілі болды. Ал 2016–2020 жылдары Нидерланд Корольдігіндегі Елші және Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы Тұрақты өкіл қызметін атқарған.

Сонымен қатар ол Исландия мен Ирландиядағы Елші қызметін қоса атқарудан босатылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

"Ресей мен Украина арасындағы “масқара соғысты” тоқтатудың жолдарын талқылаймыз" деп жазды ол
Мәжіліс депутатының бос мандатын «Болашақ» түлегі иеленді  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →