×

Нетаньяху ХАМАС-ты айыптап, Газа секторына соққы беруді бұйырды

Израиль мен ХАМАС арасындағы ахуал қайта ушықты

Нетаньяху ХАМАС-ты айыптап, Газа секторына соққы беруді бұйырды
Аnadolu agency

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ХАМАС қозғалысын тұтқындардың мәйітін қолдан «тауып алғандай» етіп көрсеткен деп айыптап, Газа секторына әуе соққыларын бастауды тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz CNN агенттігіне сілтеме жасап.

Израиль армиясы дрон арқылы түсірілген бейнежазбаны жариялаған. Онда, олардың айтуынша, содырлар бір адамның денесін көміп, кейін Қызыл Крест ұйымының ғимараты маңынан табылғандай етіп көрсеткен.

Бұл оқиғадан кейін Нетаньяху әскерге дереу жауап қатуды бұйырды.

«ХАМАС бұл арандатуы үшін жауап береді», – деді ол.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац та ХАМАС-тың әрекетін «адамгершілікке жат» деп атап, ұйымға қарсы қатаң шаралар қолданылатынын айтты.

Ал ХАМАС тарапы Израильдің айыптауын жоққа шығарып, тұтқындардың мәйіттерін қайтару процесін уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Олар Израильді бітім талаптарын бұзды деп кінәлап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан
Бүгін, 23:33

Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан

Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды
Елде дамудың негізгі факторы заң үстемдігі мен тәртіптің сақталуымен байланысты 
Бұл ұстаным мемлекеттік басқарудың елдің тұрақты әрі орнықты дамуына бағытталуын қамтамасыз етеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →