×

Трамп Қазақстанға келген алғашқы АҚШ президенті атана ма

Трамп Қазақстанға келген алғашқы АҚШ президенті атана ма
Ақорда

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшыларының кездесуінде журналист тарапынан:

– Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард долларды құрайтын келісімдер жасады. Сіздің ойыңызша, серіктестіктің қай саласы маңызды? Сондай-ақ Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ Президенті деп қашан айта аламыз? – деген сұрақ қойылды.

Оған Дональд Трамп қысқаша әрі нақты жауап берді.

– Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ парасатты Президентіңіз бар, – деді АҚШ басшысы.

Айта кетейік, Ақ үйдегі кездесуде Қазақстан мен АҚШ арасында жалпы құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Құжаттар авиация, минералдық ресурстар және цифрлық технологиялар салаларын қамтиды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды
Президент сапар аясында Трамппен кездеседі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →