×

Тоқаев пен Трамп Нетаньяхумен сөйлесті: Қазақстан Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға үлес қосады

Қазақстан Ибраһим келісіміне қосылды

Тоқаев пен Трамп Нетаньяхумен сөйлесті: Қазақстан Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға үлес қосады
Ақорда

Ақ үйде өткен келіссөз барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының Ибраһим келісімдеріне қосылу шешімі талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Дональд Трамптың Таяу Шығыста бейбіт өмір орнатудағы батыл бастамаларына жоғары баға берді.

– Президент Трамп Таяу Шығыста бейбіт өмір орнатуға нақты алғышарттар жасап, көпшілік күмәнмен қарағанына қарамастан, елеулі нәтижелерге қол жеткізді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы аймақтағы қақтығыстарды еңсеруге, диалог пен өзара сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

– Бұл шешім ешбір мемлекетпен екіжақты қатынастардағы міндеттемелерге нұқсан келтірмейді. Қазақстан үшін бұл – бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға арналған көпжақты дипломатияның заңды жалғасы, – делінген хабарламада.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанның бұл шешімін жоғары бағалап, әлемдік ынтымақтастық жолындағы маңызды бастама деп атады.

– Бұл – бүкіл әлемде бейбітшілік пен өркендеуді ілгерілетуде үлкен жетістік. Көптеген елдер дәл осы жолды таңдап отыр, – деді Трамп.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жаңа Конституция жобасында мәдениет, шығармашылық, ғылым мен білімді дамытуға ерекше мән берілген
Жаңа Конституция жобасының мазмұндық әрі идеялық өзегі преамбулада айқын көрініс тапқан  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →