×

Астанадағы аналардың митингін белгілі бір күштер ұйымдастырған – Бапи

Бапидің айтуынша, аналардың наразылығын ұйымдастырған сыртқы немесе ішкі күштер болуы мүмкін

Астанадағы аналардың митингін белгілі бір күштер ұйымдастырған – Бапи
Е. Бапидың жеке архиві

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи bairaq.media тілшісіне әскерде қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналарының наразылық акциясына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бапидің айтуынша, аналардың наразылығын ұйымдастырған сыртқы немесе ішкі күштер болуы мүмкін.

Ол аналарды біреулер арнайы киіндіріп, плакат ұстатып әкелген. Демек, артында ұйымдастырған күштер бар. Бұл күштер – Қазақстанның қорғаныс қабілетіне қарсы әрекет етушілер. Олар сыртқы күштер болуы да, ел ішіндегі билікке өкпелі, кек ұстаған топтар болуы да мүмкін. Қалай болғанда да бұл – регрессивті күштер, – деді депутат.

Оның пікірінше, наразылық кезінде елдің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіретін ұрандар мен әрекеттерге жол беруге болмайды.

Біздің шекарамыздың кей бөліктерінде заставалар әлі салынбаған, ел шекарасы ашық тұр. Осындай кезеңде дабыра  мен айқай-ұранға еріп, қорғаныс жүйесіне қауіп төндіруге болмайды, – деді ол.

Журналистің «Бұл аналардың заңды талабы емес пе?» деген сұрағына депутат:

Әрине, бұл қайғы мен трагедия. Баласының өлігін темір табытта алу – кез келген ана үшін ауыр жағдай. Мен де көңіл айтамын. Бірақ ол аналарды ұйымдастырған күштер бар. Проблема бар, оны мойындаймын. Әскерде әлімжеттік бар деген де асыра сілтеу. Өйткені біздегі әскердегі қазір әрбір рота, әрбір взвод, әрбір батальон әр жылы призыв бойынша жасақталады. Қазір әр бөлімшеде сарбаздар бір мезгілде шақырылады. Дегенмен ер адамдар болған соң кикілжіңдер болуы мүмкін. Мұндай жағдайларды министрлік пен тиісті органдар тергеуі тиіс, бірақ біз оны елдегі бір қорғаныс қабілетін жоятындай, соған нұқсан келтіретіндей тенденцияға айналдыруға хақымыз жоқ, – деп жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін әскерде қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналары елордадағы министрліктер үйіне келіп, әділ тергеу мен әскери реформаны талап еткен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →