×

Франция Павел Дуровқа салынған шектеулерді толығымен алып тастады

Соған қарамастан, тергеу жалғасады

Франция Павел Дуровқа салынған шектеулерді толығымен алып тастады
instagram.com/durov

Франция билігі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа қатысты тергеу кезеңінде енгізілген қозғалыс шектеулерін толық жойды. Енді кәсіпкерге Ницца қаласының полициясына тұрақты түрде барып белгіленіп отырудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі France 24-ке сілтеме жасап.

Соған қарамастан, Франция мен Ресей азаматтығы бар Павел Дуровқа қатысты тергеу жалғаса береді. Сот органдарындағы дереккөздің айтуынша, ол сот бақылауы талаптарын толық орындаған. Дуровтың қорғаушылары жағдайға қатысты пікір беруден бас тартты.

Telegram негізін қалаушы өткен жылдың 24 тамызында Ле Бурже әуежайында ұсталған болатын. Францияның Ұлттық сот полициясы жүргізген алдын ала тергеу негізінде оның үйін тінту туралы ордер шығарылған. Париж прокуратурасы Дуровқа 12 айып тақты. Олардың қатарында:

– ұйымдасқан алаяқтық,
– заңмен рұқсат етілген тыңдау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды мемлекеттік органдарға беруден бас тарту,
– кәмелетке толмағандарға қатысты порнографиялық материалдарды тарату,
– заңсыз есірткі айналымы және басқа да баптар бар.

Кәсіпкер кейін 5 млн еуро кепілмен босатылып, Франция аумағынан шығуына тыйым салынған. Алайда 2025 жылдың наурызында Павел Дуров Франциядан кетіп, Дубайға оралғанын растады. Соған қарамастан, оның полицияға белгіленіп тұру міндеті сақталған еді.

Енді бұл шектеудің де күші жойылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды
Бапидің айтуынша, аналардың наразылығын ұйымдастырған сыртқы немесе ішкі күштер болуы мүмкін
Оның айтуынша, облыстың қазіргі жағдайы мүшкіл

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →