×

Парламенттің табалдырығын баспай жатып өзгерді:  Журналист Ардақ Назаровты сынға алды

Ол депутаттың сөйлеуінде әзірден тәкәппарлық бар. Менсінбей сөйлеп тұғандай өзім әсер алдым

Парламенттің табалдырығын баспай жатып өзгерді:  Журналист Ардақ Назаровты сынға алды
ашық дереккөзден

 Тележурналист Самал Қабышева Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымына бір мандаттық окург бойынша сайланған депутат Ардақ Назаровты сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдарыңызда Ардақ Назаров. Өз басым бұл азаматты өте байсалды, қарапайым, патриот ретінде сырттай білетінмін. Сөйлесіп көрмегенмін. Бірақ, қазір мына видеоны көріп ойыма келгені: "Парламенттің не сыйқыры бар екен? Бірден адамды өзгертетін? Қарапайым, ауылдан шыққан Ардақ Назаров Парламенттің табалдырығын аттап баспай жатып, сөйлеу стилі өзгеріпті, - деп жазды Самал Қабышева Facebook-тегі парақшасында.

Ол депутаттың сөйлеуінде әзірден тәкәппарлық бар. Менсінбей сөйлеп тұғандай өзім әсер алдым деп айтты.

Құрметті су жаңа депутат болған Ардақ Назаров мырза, журналист те, депутат та халықтың адамы.Сондықтан басты бағыттарыңыз халықтың мүддесі! Қарапайым ауылдан шыққан, өз еңбегімен осы күнге жеткен Ардақ Назаров деп ойлайтын сіздің өзіңіз журналистермен осылай сөйлессеңіз, қалған депутаттарға онда ренжудің де жөні болмай қалады. Өзіңіз елім, жерім деп тұрсаңыз, басқалары да сізге қарап бой түзейді. Бармай жатып, мына мақамдарыңыз болмайды. Ұмытпаңыздар, сіздерді өсіретін де, өшіретін де халық! - деді тележурналист.

Постқа пікір білдіргендердің басым бөлігі депутаттық мандат өзгертіп жіберіпті деп жазған.

Айта кетейік, Ардақ Назаров бүгін Астанада Орталық сайлау комиссиясына барып, депутаттық куәлігін алды. Сол сәтте тілшілер жаңа сайланған депутатқа сұрақ қоймақ болған. Тілшілер бірден: «Мәжілісте «Қаңтар» шындығын ашасыздар ма?» деп сұрады. Бірақ Назаров  «амандық болсын» деп, тура жауап беруден қашқақтады.

Сондай-ақ сайлау нәтижесінің әділ болған-болмағанын білмейтінін айтып, бұл орынға Алланың қалауымен келгенін айтты.

Ал Мәжілісте немен айналысасыз деген сұраққа былай деп жауап берді:

Жастарды тәрбиелейміз. Өйткені, біздің болашағымыз – жастар. Барлық бағытта тәрбие жұмыстарын жүргіземіз, - дейді Ардақ Назаров.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Садыр Жапаровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Кеше, 15:58

Тоқаев Садыр Жапаровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

"Бұл – ерекше құрмет пен шынайы ризашылықтың белгісі", - деді Мемлекет басшысы
Ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізілмек
Мас күйінде көлік жүргізетіндерді жүргізуші куәлігінен айыру мәселесі талқыланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →