×

АҚШ Украинаға бейбіт келісім жобасын ұсынды: Зеленский оны Трамппен талқылауға ниетті

Бұны Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі ресми түрде растады

АҚШ Украинаға бейбіт келісім жобасын ұсынды: Зеленский оны Трамппен талқылауға ниетті
AP Photo / Evan Vucci

АҚШ үкіметі Украинаға қақтығысты тоқтатуға бағытталған жаңа бейбіт жоспар жобасын тапсырды. Бұны Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі ресми түрде растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Украина Ресейдің басқыншылығы басталған сәттен-ақ бейбіт шешім іздеп келеді және шынайы бейбітшілікке жол ашатын кез келген бастаманы қолдайды. Биылғы жылы Украина президент Трамптың бастамаларына қолдау білдірген болатын, қазір де АҚШ пен Еуропа серіктестерімен бірлесіп нақты нәтижеге – бейбітшілікке жету үшін жұмыс істеуге дайын», — делінген хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, Зеленский алдағы уақытта АҚШ президенті Дональд Трамппен бейбіт келісімнің негізгі бағыттарын және дипломатиялық ықтимал шешімдерді талқыламақ.

Бұған дейін Financial Times пен Axios басылымдары АҚШ-тың Ресеймен құпия келіссөздер жүргізіп, жаңа бейбіт жоспар әзірлегенін хабарлаған еді.

Аталған құжаттың жобасында Украинаға қатысты бірнеше талап бар екені айтылды, соның ішінде:

  • Донбасты Ресейге беру,

  • қарулы күштер санын екі есе қысқарту,

  • АҚШ әскери көмегін азайту,

  • орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →