×

Белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиұлы аудан әкімдерін сайлау әлі ерте деп есептейді

Соңғы бір жылда 6-7 аудан әкімін сайлауға 1 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалған 

Белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиұлы аудан әкімдерін сайлау әлі ерте деп есептейді
gov.kz

Қоғам және саясат қайраткері, белгілі саясаттанушы әрі тарихшы Берік Әбдіғалиұлы «Abay Live» подкастында аудан әкімдерін сайлау тақырыбын қозғады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мансабының біраз бөлігін ел қызметіне арнаған саясаткер сұхбат барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, электоралдық саяси мәдениеттің біртіндеп қалыптасып жатқанын алға тартты.

«Мен өзім кезінде ауданда бірнеше рет істедім, сонда ауылдарға барған кезде ақсақалдар келіп айтатын еді «неге өзіміз таңдамаймыз, кішкентай ғана ауыл, арамызда лайықты азамат жоқ па» деп... Міне, қазір нағыз демократияның ауылдан басталып жатқаны қуантады, шын мәнінде соңғы кездері елімізде үлкен демократиялық процесстер басталып кетті», – деді саясаттанушы.

Саясаткер бүгінде халықтың сайлаудан шаршағаны байқалатынын атап өтті. Сұхбат барысында Берік Әбдіғалиұлы қаражат мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, соңғы 2-3 жылда 45 аудан әкімі сайланыпты. Соңғы бір жылда ғана халық жаңа 6-7 аудан әкімін сайлаған. Осының бәріне 1 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалған екен.

Жүргізушінің «егер әкім бір жылдан кейін белгілі бір себептермен қызметінен кетіп қалса, қайтадан сайлау болады ма» деген тосын сұрағына саясаттанушының жауабы қысқа болды:

«Иә, қалыптасқан тәртіп бар, науқанды қайта бастауға да тура келетін шығар».

Бағдарлама соңында саясаттанушы жауапкершілік пен есептілік мәселесін сөз етті.

«Аудан әкімі мәслихатқа тәуелді болғаны дұрыс. Мәслихаттың беделін көтеру керек. Өйткені халық әкімді бақылай алмайды. Мен әкімдерге қарсы емеспін, бірақ біз сені сайладық, жасап жатқан жұмысың қайда деп сұрай алатын біреудің болғаны дұрыс емес пе?!» – дейді көпті көрген саясаткер.

Берік Әбдіғалиұлы айтуынша, аудан әкімдерінің сайлауын мәслихаттардың жүргізгені абзал. Жүргізушінің соңғы қойған сұрақтардың біріне Берік Әбдіғалиұлы ең бастысы аудан әкімдерінің жұмысы тиімді және нәтижелі болуы керек деп үн қатты. Аудандардағы мәслихат бұл өзін-өзі басқару жүйесі, жүргізіліп жатқан жұмысты халық тікелей және өздерінің мәслихаттағы өкілдері арқылы бақылау керек деп қорытындылады өз сөзін белгілі қоғам қайраткері.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
АҚШ Украинаға бейбіт келісім жобасын ұсынды: Зеленский оны Трамппен талқылауға ниетті
Кеше, 10:42

АҚШ Украинаға бейбіт келісім жобасын ұсынды: Зеленский оны Трамппен талқылауға ниетті

Бұны Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі ресми түрде растады
Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →