×

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметінен кетеді

Ұйымға мүше елдер оның орнына жаңа үміткерді қарастырады

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметінен кетеді
ҰҚШҰ баспасөз қызметі

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың өкілеттік мерзімі аяқталып келеді. 27 желтоқсанда Бішкекте ұйымға мүше мемлекеттер оның орнына жаңа үміткерді қарастырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиында бірқатар маңызды мәселе талқыланбақ: есірткі трафигімен және заңсыз көші-қонмен күрес, аймақтық қауіпсіздік, сондай-ақ Ресей 2026 жылы төрағалық ететін кезеңге арналған басымдықтар. Кездесу қорытындысы бойынша мүше елдер қауіпсіздік саласындағы ортақ ұстанымдарды қамтитын декларация қабылдайды.

Тасмағамбетовтың мансабы мен қызметі
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, қорғаныс министрі және екі астананың (Астана мен Алматы) әкімі болған Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылы ОДКБ бас хатшысы қызметіне тағайындалған еді. Оның бұл қызметке келуі кезінде әртүрлі пікір туғызған болатын.

Дау тудырған мәлімдемелер
Биыл көктемде Тасмағамбетов Ресейдің ақпарат құралдарына берген сұхбатында Украинадағы соғысқа қатысты мәлімдемесі үшін Қазақстан қоғамында сынға ұшырады. Кейін ол өз сөзінің бұрмаланғанын айтып, «ешқандай елдің мүддесін қорғап жүрген жоқпын» деп түсініктеме берген.

ҰҚШҰ бас хатшылығына жаңа кандидатура жыл соңына дейін келісіліп, ұйым мүшелерінің ортақ шешімімен бекітіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әлия Рүстемова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
22.11.2025ж. 15:43

Әлия Рүстемова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды
Тек бір жылда  аудан әкімін сайлауға 1 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалған 
Бұны Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі ресми түрде растады
Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →