×

Украина Каспий құбыр консорциумына соққыларға қатысты Қазақстанның айыптауына жауап берді

Украин тарапы Қазақстанның Ресейдің Украина аумағына жасаған шабуылдарын айыптамағанын еске салды

Украина Каспий құбыр консорциумына соққыларға қатысты Қазақстанның айыптауына жауап берді
cpc.ru

Украина Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) нысандарына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстанның алаңдаушылығына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресми мәлімдемеде Киевтің ешбір әрекеті Қазақстанға немесе өзге үшінші мемлекеттерге қарсы бағытталмағаны айтылған.

«Украина Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына қатысты Қазақстан Республикасының алаңдаушылығын назарға алды. Украин тараптың іс-қимылы Қазақстанға да, басқа елдерге де қарсы емес. Біздің барлық күшіміз Ресейдің ауқымды агрессиясын тойтаруға және халықаралық құқық аясында өзін-өзі қорғауға бағытталған», – делінген Украина СІМ хабарламасында.

Сонымен қатар украин тарапы Қазақстанның Ресейдің Украина аумағына жасаған шабуылдарын айыптамағанын еске салды.

«Біз Қазақстан тарапынан Ресейдің Украинадағы бейбіт тұрғындарға, тұрғын үйлер мен энергетикалық нысандарға, соның ішінде атом электр станцияларының қосалқы құрылғыларына соққы берген әрекеттерін айыптаған мәлімдемелердің болмағанына назар аударамыз», – деді министрлік.

Киев барлық елді Ресейдің соғысты тоқтатуына ықпал етуге шақырды және Қазақстанмен достық қатынасты сақтауға ниетті екенін білдірді.

«Біз Қазақстан халқына құрметпен қараймыз және елдеріміз арасындағы тарихи байланыстарға сай достық әрі прагматикалық қатынастарды дамытуға бейілдіміз», – делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі КҚК нысандарына жасалған шабуылдарға байланысты Украинаға наразылық білдірген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның көпвекторлы қауіпсіздік саясаты: қақтығыстар дәуірінде ұлттық мүддені қорғаудың жаңа формулалары
28.11.2025ж. 18:07

Қазақстанның көпвекторлы қауіпсіздік саясаты: қақтығыстар дәуірінде ұлттық мүддені қорғаудың жаңа формулалары

Осы мәселелердің мәні, ұйымның келешегі және Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі жөнінде біз саясаттанушы Борис Поломорчукпен сұхбаттасқан едік

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →