×

Ресей мен АҚШ-тың бес сағатқа созылған келіссөзі нәтиже бермеді

Тараптар соғысты тоқтату бойынша бірнеше нұсқаны қарастырған

Ресей мен АҚШ-тың бес сағатқа созылған келіссөзі нәтиже бермеді
AP

Кремльде Ресей мен АҚШ делегациялары Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеу мәселесі бойынша келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Кездесу 3 желтоқсанға қараған түні өтіп, бес сағаттан астам уақытқа созылған. Ресей жағынан келіссөзге Владимир Путин, президент көмекшісі Юрий Ушаков және арнайы өкіл Кирилл Дмитриев қатысқан. АҚШ делегациясын президенттің арнайы өкілі Стивен Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер бастап барған.

Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, тараптар соғысты тоқтату бойынша бірнеше нұсқаны қарастырған, бірақ әзірге ортақ шешімге келе алмаған.

«Компромис табылған жоқ. Дегенмен АҚШ ұсынған кейбір ұсынысты талқылауға болады. Ал кейбірі бізге мүлде сәйкес келмейді. Жұмыс жалғасады», – деді Ушаков.

Ол сондай-ақ Путиннің Вашингтонның кей ұсынысын сынға алғанын, әсіресе аумақтық мәселелер бойынша келіспеушіліктер барын атап өтті.

Соған қарамастан, Ушаков кездесуді «мазмұнды және пайдалы» деп бағалады.

«Бейбітшілік алыстай қойған жоқ. Бірақ Мәскеу де, Вашингтон да әлі көп жұмыс істеу қажет», – деді ол.

Келіссөз жабық есік жағдайында өткен. Тараптар оның мазмұнын жария етпеуге уағдаласқан. АҚШ делегациясы нәтижелер туралы Дональд Трампқа тікелей баяндап, кейін Мәскеумен телефон арқылы байланыс орнатпақ.

Осы уақытта Украина президенті Владимир Зеленский Telegram арнасында «соғыстың аяқталуына қатысты жеңіл шешімдер болмайтынын» мәлімдеді. Ол АҚШ делегациясының Мәскеудегі келіссөзінен кейінгі позициясын күтетінін, себебі сол Киевтің келесі қадамдарын анықтайтынын айтты.

«АҚШ өкілдері кездесуден кейін бірден бізбен байланысқа шығады. Сол сигналдар біздің әрекетімізді белгілейді», — деді Зеленский.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта АҚШ делегациясымен және Дональд Трамппен жеке кездесу өткізуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Украин тарапы Қазақстанның Ресейдің Украина аумағына жасаған шабуылдарын айыптамағанын еске салды
Осы мәселелердің мәні, ұйымның келешегі және Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі жөнінде біз саясаттанушы Борис Поломорчукпен сұхбаттасқан едік

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →