×

Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне жаңа басшы келді

Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне жаңа басшы келді
Ақорда

Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұған дейін Сыртқы істер министрлігінде халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы әрі ведомствоның ресми өкілі қызметін атқарған.

Айбек Смадияров – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің түлегі. Ол ерекше және өкілетті елші ІІ дәрежелі дипломатиялық рангке ие және ағылшын мен түрік тілдерін еркін меңгерген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →