18–20 желтоқсан күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ жапон іскер топтарының өкілдерімен кездесу өткізеді.
Бұдан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.