Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен ресми жүздесуден басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу кезінде Мемлекет басшысы жапон халқының қонақжайлығы мен жылы ықыласына алғыс айтып, қазақ халқы Күншығыс елінің тәртіп пен табандылыққа негізделген мәдениетін әрдайым құрметтейтінін атап өтті.
«Қазақстан мен Жапонияны өзара сенімге, құрмет пен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан достыққа негізделген берік байланыс біріктіреді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Император Нарухито өз сөзінде Тоқаевтың бұл сапары екі ел арасындағы қатынастар тарихындағы ерекше оқиға екенін және ол әріптестікті жаңа деңгейге шығаратынын айтты.
Тараптар кездесу барысында екжақты ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.