×

Тәжікстандық баланың өлімі: Владимир Путин Эмомали Рахмонға көңіл айтты

Тәжікстандық баланың өлімі: Владимир Путин Эмомали Рахмонға көңіл айтты
Alexei Nikolsky/TASS

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға Мәскеу маңындағы мектепте қаза тапқан тәжікстандық оқушыға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz «Интерфаксқа» сілтеме жасап.

Владимир Путин баланың өліміне себеп болған қылмысқа қатысы бар тұлғалардың заң алдында жауап беретінін атап өтті.

– Балаларға қарсы жасалған мұндай қылмыс – аса жиренішті әрекет. Тергеу толық жүргізіліп, кінәлілер міндетті түрде жазаланады, – деді Ресей президенті.

Қайғылы жағдай 16 желтоқсанда Мәскеу облысындағы Горки-2 елді мекенінде орналасқан мектептердің бірінде болған. Тәжікстан азаматы, 9 жастағы Кобилджон Алиевке 15 жастағы жасөспірім пышақпен шабуыл жасап, оқушы алған жарақатынан көз жұмған. Күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына қамалды.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, шабуыл жасаған жасөспірім өз әрекетін видеоға түсіріп, оны жеке Telegram арнасына жариялаған. Бейнежазбада оның пышақ ұстап, балаларға жақындап, ұлты жөнінде сұрақ қойғаны көрінеді.

Оқиғадан кейін Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің елшісін шақырып, ресми нота тапсырды. Онда тергеуді жан-жақты жүргізіп, кінәлілерді қатаң жауапкершілікке тарту талап етілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оны қала губернаторы қарсы алды
Мұндай саммиттер Орталық Азияның халықаралық деңгейдегі орны күшейіп, жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқара бастағанын көрсетеді
Қайтарылған активтер: 577 сауда, 38,4 млрд теңгенің мүлкі сатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →