×

Путинмен кездесіп келген Назарбаев Мирзияевпен телефон арқылы сөйлесті

Путинмен кездесіп келген Назарбаев Мирзияевпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен телефон арқылы әңгімелесті. Бұл туралы Өзбекстан президентінің ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпаратқа сәйкес, әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, бауырлас елдердің халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тіледі.

29 желтоқсанда өткен телефон әңгімесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейге жеткені атап өтілді. Сондай-ақ екіжақты және көпжақты әріптестіктің басым бағыттар бойынша кезең-кезеңімен дамып жатқаны сөз болған.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Мәскеуде кездескен еді. Аталған кездесу қоғамда қызу талқыланып жатқан тұста Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бұл жағдайға қатысты өткір пікір білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →