×

Тоқаев пен Трамп алдағы уақытта тағы да кездеседі

Тоқаев пен Трамп алдағы уақытта тағы да кездеседі
Ақорда

Қазақстан мен АҚШ президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп арасында тұрақты байланыс орнап, сенімге негізделген диалог жалғасып келеді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули Стаффт мәлімдеді. Оның айтуынша, екі елдің көшбасшылары алдағы уақытта қайта жүздесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

Елшінің сөзінше, ол жуырда Президент Тоқаевпен кездесу өткізіп, онда Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланған. Джули Стаффт бұл бастамаларға АҚШ президенті Дональд Трамптың толық қолдау білдіріп отырғанын атап өтіп, өзара әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Сондай-ақ елші мемлекет басшыларының үнемі байланыста екенін айтты. Оның мәлімдеуінше, Президент Тоқаев жақында Вашингтонға сапар жасап, алдағы уақытта АҚШ-қа тағы бір ресми сапармен баруды көздеп отыр. Мұндай тығыз қарым-қатынас екі ел арасындағы серіктестіктің нығаюына тың серпін береді.

Джули Стаффт Қазақстанға елші болып тағайындалуын үлкен мәртебе санайтынын айтып, АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған мемлекет екенін еске салды. Оның айтуынша, бүгінде екіжақты қарым-қатынас өз тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткен.

Елші мәдениет, сауда, экономика және адамдар арасындағы байланыстар салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып жатқанын атап өтіп, АҚШ бұл бағыттардағы әріптестікті алдағы уақытта да кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада АҚШ пен Болгария елшілерінің сенім грамоталарын қабылдаған. Сонымен қатар Президент жыл соңында АҚШ-та өтетін G20 саммитіне шақырғаны үшін алғыс білдірген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды – Арман Қырықбаев
Бүгін, 18:56

Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды – Арман Қырықбаев

Жаңа Конституция бәсекеге қабілетті, білімді әрі технологиялық тұрғыдан сауатты ұрпақ өсіру үшін құқықтық негізді қалыптастырады
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды
Бұған жауап ретінде Тегеран қарымта соққы беруге дайындалып жатқанын мәлімдеді
Жидда, Медина және Дубайға алынған билеттерді 6 наурызға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →