×

Ирандағы наразылықтарда қаза тапқандар саны екі мыңға жуықтады

Құрбандар арасында бейбіт тұрғындар да, қауіпсіздік құрылымдарының қызметкерлері де бар

Ирандағы наразылықтарда қаза тапқандар саны екі мыңға жуықтады
AFP via Getty Images

Иранда жалғасып жатқан наразылық акциялары кезінде қаза болғандар саны шамамен 2 мың адамға жеткен. Бұл туралы ирандық ресми тұлғаның дерегіне сүйенген Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құрбандар арасында бейбіт тұрғындар да, қауіпсіздік құрылымдарының қызметкерлері де бар.

Шетелде жұмыс істейтін ирандық құқық қорғау ұйымдарының дерегінше, 28 желтоқсаннан бері наразылықтарға қатысқан 1 800-ден астам адам қаза тауып, жүзден аса күштік құрылым өкілі мерт болған. Алайда бұл мәліметтерді тәуелсіз түрде растау мүмкін болмай отыр. Себебі елде шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына қатаң шектеу қойылған, интернет байланысы толық өшірілген.

АҚШ президенті Дональд Трамп ирандықтарды наразылықты жалғастыруға үндеп, сырттан қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Алайда оның қандай көмек екенін нақтыламады.

Айта кетейік, Ирандағы жаппай наразылықтар 28 желтоқсанда күнделікті тұтыну тауарлары бағасының күрт өсуіне байланысты басталып, кейін елдегі діни басқару жүйесіне қарсы саяси сипат алды.

Иран билігі елдегі тұрақсыздыққа АҚШ пен Израильді кінәлап, сыртқы араласу болған жағдайда жауап қататынын ескертті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →