×

Белгілі журналист білім жүйесіндегі зайырлылық пен мәдениеттің Ата Заңда нақты айқындауды ұсынды

Қарашұбар жамылғы, сөлеңдеген сұрықсыздық, келте балақ, қауға сақал мен селдір сақал қаладан далаға дейін қаптап кетті

Белгілі журналист білім жүйесіндегі зайырлылық пен мәдениеттің Ата Заңда нақты айқындауды ұсынды
Фото: Конституциялық сот

Конституциялық комиссияның отырысында сөз сөйлеген «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы білім жүйесі мен мәдениеттегі зайырлылық Ата Заңда нақты көрініс табуы – зиялылық дәстүрдің талабы екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекеттік білім мен тәрбие жүйесі үшін зайырлы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар – өркениет темірқазығы екенін еске салған ол дамудың даңғыл жолына түскен алдыңғы қатарлы елдерде солай болғанын және бола беретінін тілге тиек етті.

«Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ» кейінгі ширек ғасырда қарашұбар жамылғы, сөлеңдеген сұрықсыздық, келте балақ, қауға сақал мен селдір сақал қаладан далаға дейін қаптап кетті. Қазақтың иманды, тәрбиелі, білімді ортасын қара бұлт, дүдамал діл басып алғандай күй кештік. Ата-анасын тыңдамайтын ұрпақ, ұлт дәстүрін тәрк еткен діндарсымақтар пайда болды. Ең қауіптісі, олар ұрпағын да жат бағытта тәрбиелеуге көшті», – деді Дихан Қамзабекұлы.

Ол Сирияға соғысқа барып адасқандар трагедиясы мен «Жусан» операциясының арқасында елге оралғандардың көз жасы көпке ой салуға тиіс екенін жеткізді.

«Діни экспансия тек мұсылман әлеміне ғана қатысты емес. Христиан дүниесі де, басқа ірілі-ұсақты мүләйімсіген конфессиялар да білім жүйесіне кіруге ентелегені жасырын емес. Дегенмен қазір ахуал түзеле бастады. Бұл тұрғыда Конституциядағы зайырлылық нормасы осы зәрулікті оңтайлы шешер еді», – деп ойын білдірді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды
Бүгін, 23:43

Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Конституцияда «Миранда қағидасын» бекітуді ұсынды
Елдің ғылымы мен мәдениеті, инновациясы мен рухани қуаты – ой еркіндігі бар ортада ғана қалыптасады
Ғылым мен инновацияның конституциялық деңгейде бекітілуі ғылыми қызметті тұрақты қаржыландыруға берік құқықтық негіз қалыптастырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →