×

Қазақстанда Президент мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, оның өкілеттігі Вице-президентке берілмек

Cайлауды екі ай ішінде өткізу ұсынылып отыр

Қазақстанда Президент мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, оның өкілеттігі Вице-президентке берілмек
akorda.kz

Бұл туралы Астанада өткен конституциялық комиссияның алғашқы отырысында Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Жиенбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиенбаевтың сөзінше, президент отставкаға кеткен жағдайда оның өкілетін вице-президентке жүктеу ұсынылып отыр.

«Президенттің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілетін вице-президентке жүктеу ұсынылып отыр. Вице-президент өкілетті ала алмаған жағдайда, ол Құрылтай төрағасына беріледі. Құрылтай төрағасы оны атқара алмаса, Премьер-министрге жүктеледі. Президент отставкаға кеткен жағдайда сайлауды екі ай ішінде өткізу ұсынылып отыр», – деді Ержан Жиенбаев.

Оның сөзінше, вице-президент халықаралық қатынаста және құрылтай, үкімет және өзге де мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста президент атынан сөйлемек.

Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, вице-президентті құрылтай мүшелерінің басым бөлігінің қолдауымен президент тағайындамақ. Және оны қызметтен босататын да – сол президент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды
Кеше, 23:43

Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Конституцияда «Миранда қағидасын» бекітуді ұсынды
Елдің ғылымы мен мәдениеті, инновациясы мен рухани қуаты – ой еркіндігі бар ортада ғана қалыптасады
Қарашұбар жамылғы, сөлеңдеген сұрықсыздық, келте балақ, қауға сақал мен селдір сақал қаладан далаға дейін қаптап кетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →