×

Айдос Сарым: 2029 жылы Қазақстанда үшінші президент сайланады

Айдос Сарым: 2029 жылы Қазақстанда үшінші президент сайланады
Виктор Федюнин/ Kazinform

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым 2029 жылы Қазақстанда үшінші президент сайланатынын мәлімдеді. Ол бұл пікірін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттік мерзіміне қатысты қойылған сұраққа жауап бере отырып айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың сөзінше, «Тоқаевтың мерзімі нөлге теңестіріліп, қайта сайлануы мүмкін» деген болжамның негізі жоқ. Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы жеті жылдық президенттік мерзім өзгермеуі тиіс.

«Президентіміз кейбіреулер ойлағандай билікқұмар адам емес. Ол – принципі, философиясы мен берік ұстанымы бар тұлға. Сондықтан жеті жылдық өкілеттік мерзімі аяқталған соң қызметінен кетеді деп ойлаймын. Сол себепті 2029 жылы Қазақстанда үшінші президент болады», – деді Айдос Сарым.

Сонымен қатар ол Конституцияға ұсынылып отырған түзетулердің ішінде президенттің өкілеттігі мен билігін күшейтуге бағытталған нормалар жоқ екенін атап өтті. Депутаттың айтуынша, өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға негізделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →