×

Үндістан қазақстандық туристерге есігін айқара ашты

Үндістан қазақстандық туристерге есігін айқара ашты
shutterstock

Үндістан билігі Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза беру жөнінде шешім қабылдады. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған шешім бірден күшіне енді және екі мемлекет арасындағы өзара байланысты күшейтуге, сондай-ақ туристік бағыттағы алмасуды кеңейтуге бағытталған. Жеңілдік туристік визалармен қатар, медициналық мақсаттағы және медициналық сүйемелдеу визаларына да қолданылады.

Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, осыған дейін Үндістан азаматтары Қазақстан аумағына 14 күнге визасыз кіре алатын. Енді қазақстандықтарға Үндістанға бару бұрынғыдан да жеңілдей түсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Комиссияның барлық отырыстары толықтай ашық түрде өткізіліп, тікелей эфирде көрсетілді
Бұл туралы белгілі саяси шолушы өз ойын білдірді
Президенттің пікірінше, Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарған  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →