×

Абай облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Реформа «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыруға, қоғамдық қатынастарды жаңаша реттеуге бағытталған

Абай облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен актив жиналысы өтіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиынға басқарма басшылары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, облыстық мәслихат пен қоғамдық кеңестің төрағалары қатысты. Аудан-қала әкімдері бейнережимде қосылды.

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған конституциялық реформа елдің болашақ даму бағытын айқындайтын тарихи қадам екені атап өтілді. Реформа «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыруға, қоғамдық қатынастарды жаңаша реттеуге бағытталған.

Отырысты ашқан аймақ басшысы конституциялық реформаның ел үшін стратегиялық маңызына тоқталып, бұл бастаманың мемлекет дамуының ұзақ мерзімді бағытын айқындайтынын атап өтті.

«Бүгін біз ел тағдыры үшін айрықша маңызы бар мәселені – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау үшін жиналып отырмыз. Конституциялық реформа дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін қатардағы заңға енгізіліп жатқан өзгерістер емес. Бұл – елдің болашақ даму бағытын айқындайтын тарихи қадам. Президентіміздің алғаш қызметке кіріскен күнінен бері айтып келе жатқан Әділетті Қазақстан құру идеясы аз уақыттың ішінде нақты жүзеге асып келе жатқанын көріп отырмыз. Өздеріңізге мәлім, жуырда Президентіміздің Жарлығымен құрылған Конституциялық комиссия өнімді жұмыс істеді. Мемлекеттік кеңесші алғашқы отырыста комиссияны осыған дейін жарты жылға жуық уақыт бойы белсенді жұмыс істеген Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының заңды жалғасы екенін айрықша атап өтті», – деді облыс әкімі.

Конституциялық комиссияның құрамына Абай облысынан облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков пен облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабеков өкіл ретінде енген болатын. Жиында Шалқар Байбеков пен Мейрамхат Айнабеков сөз сөйлеп, комиссияда талқыланған негізгі бағыттар мен өзекті мәселелерге тоқталды.

«Жаңа Ата Заң жобасы – бұл тек құқықтық құжат емес, жаңа қоғамдық келісімнің негізі. Оның тағдырын еліміздің азаматтары жалпыұлттық референдумда шешеді», - деді Шалқар Байбеков.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайлықтар еліміздің жаңа Конституциясының жобасын талқылады
Бүгін, 19:43

Қостанайлықтар еліміздің жаңа Конституциясының жобасын талқылады

Жаңа Конституцияда ұлттық бірегейлікті сақтау мен заманауи құндылықтарды үйлестіру идеясы айқындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →