×

Жаңа Конституциядағы заңдар халықаралық келісімдерден жоғары тұрады

Жаңа Конституциядағы заңдар халықаралық келісімдерден жоғары тұрады
Ақорда

Конституциялық комиссияның жетінші отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасында Қазақстан заңдарының халықаралық келісімдерге қарағанда басымдыққа ие болатыны көзделгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың түсіндіруінше, құжатта халықаралық шарттар қолданыстағы құқық ретінде сақталады. Алайда ең жоғары заңдық күш тек Конституцияға ғана тиесілі болады.

«Жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттар қолданылатын құқық ретінде қалады, бірақ ең жоғарғы заңдық күш Конституцияда болады», – деді депутат.

Оның айтуынша, бұрын ұлттық заңнама мен халықаралық келісімдер арасында қайшылықтар туындаған кезде, басымдық халықаралық нормаларға беріліп, бұл кей жағдайда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кері әсер етуі мүмкін еді.

Әбенов қазіргі геосаяси ахуалды ескере отырып, Қазақстан қабылдайтын кез келген халықаралық міндеттеме мемлекеттік егемендік пен конституциялық құрылымның негізгі қағидаттарына сай болуы қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ депутат жаңа Конституция жобасында Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттардың немесе жалпыға танылған халықаралық құқық нормаларының заңдық күшін жоққа шығаратын ережелер жоқ екенін айтты. Яғни, ұсынылып отырған өзгерістер адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерден бас тартуды білдірмейді.

Бұдан бөлек, Әбенов алдағы уақытта әлеуметтік кепілдіктер Қазақстан азаматтарына немесе өз елінде қазақстандықтарға тең әлеуметтік қолдау көрсетілетін шетел азаматтарына ғана қолданылатынын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Преамбуланың жаңа редакциясы ерекше маңызға ие – Снежанна Имашева
Бүгін, 09:03

Преамбуланың жаңа редакциясы ерекше маңызға ие – Снежанна Имашева

Конституция жобасында Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі қағидаттары едәуір күшейтіліп, кеңейтілген
Реформа «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыруға, қоғамдық қатынастарды жаңаша реттеуге бағытталған
Жаңа Конституцияда ұлттық бірегейлікті сақтау мен заманауи құндылықтарды үйлестіру идеясы айқындалды
Құжат сөз бостандығы, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық кепілдігін, зияткерлік меншіктің қорғалуын күшейтеді  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →