×

Мемлекеттік қызметкерлерге туған күніне де сыйақы төленуі мүмкін

Мемлекеттік қызметкерлерге туған күніне де сыйақы төленуі мүмкін
tafsilar.info

Үкімет мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беру тәртібін кеңейтті. Тиісті қаулы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, сыйақы тек қызметтік нәтижелер үшін ғана емес, мерекелік және жеке даталарға, оның ішінде туған күнге орай да тағайындалуы мүмкін.

Сонымен қатар сыйақы мына жағдайларда беріледі:

– қызметтік міндеттерді үлгілі атқарғаны үшін;

– мінсіз және адал қызметі үшін;

– маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін;

– кезеңдік жұмыс қорытындылары бойынша;

– шұғыл немесе жоспардан тыс тапсырмаларды сапалы орындағаны үшін;

– Президент пен Үкімет тапсырмаларын жүзеге асырғаны үшін;

– егер тікелей лауазымдық міндетіне кірмесе, заң жобалары мен нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысқаны үшін.

Сыйақы тағайындау кезінде қызметкердің жұмыс нәтижелерін бағалау көрсеткіштері ескеріледі. Ал әрбір мемлекеттік органның басшылығы сыйақы беру шартын, мөлшерін және тәртібін өз бетінше бекіту құқығына ие болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Конституция жобасында Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі қағидаттары едәуір күшейтіліп, кеңейтілген
Реформа «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыруға, қоғамдық қатынастарды жаңаша реттеуге бағытталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →