×

Жамбыл облысында спорт жаттықтырушыларымен Конституция жобасы талқыланды

Жамбыл облысында спорт жаттықтырушыларымен Конституция жобасы талқыланды
Facebook/ Serik Salemov

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында спорт саласының өкілдері – жаттықтырушылармен кездесу өткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу барысында Ата заң жобасында көзделген негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, сондай-ақ әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған нормалар жан-жақты түсіндірілді.

Серік Сәлемовтің айтуынша, спорт жаттықтырушылары жас ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты оларды конституциялық реформалар мазмұнымен таныстыру және пікір алмасу аса өзекті.

Жиын барысында жаттықтырушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, Конституция жобасына қатысты ашық талқылау өтті. Кездесу қорытындысында қатысушылар конституциялық өзгерістерді қоғамда, әсіресе жастар арасында кеңінен түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

Облыс әкімінің орынбасары мұндай кездесулер алдағы уақытта да әртүрлі сала өкілдерімен жалғасатынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Айдос Сарым Украина мен Ресейдің оны «қара тізімге» қосуы жайлы пікір білдірді
Кеше, 18:26

Айдос Сарым Украина мен Ресейдің оны «қара тізімге» қосуы жайлы пікір білдірді

Айдос Сарым — «Бітімгер» тізіміне енген Қазақстандағы алғашқы депутат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →