×

Елнұр Бейсенбаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарады

Елнұр Бейсенбаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарады
parlam.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев бұған дейін Мәжіліс депутаты ретінде қызмет атқарып, AMANAT партиясының атқарушы хатшысы болған. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде, жастар саясаты мен қоғамдық-саяси салада түрлі жауапты қызметтерді атқарған.

Әр жылдары Алматы қаласының жастар саясаты басқармасын басқарған, елорданың (Нұр-Сұлтан) әкіміне кеңесшілік еткен, сондай-ақ партиялық және қоғамдық ұйымдарда басшылық қызметтерде болған. Бұдан бөлек, Парламенттік және Конституциялық реформаларға қатысты жұмыс топтарының құрамына кірген.

1986 жылы дүниеге келген Елнұр Бейсенбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Ол саясаттану мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесіне ие.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жаңа Конституция жобасында мәдениет, шығармашылық, ғылым мен білімді дамытуға ерекше мән берілген
Жаңа Конституция жобасының мазмұндық әрі идеялық өзегі преамбулада айқын көрініс тапқан  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →