×

Садыр Жапаров жақын серігі Камчыбек Ташиевті қызметінен алып тастады

Садыр Жапаров жақын серігі Камчыбек Ташиевті қызметінен алып тастады
kg.akipress.org

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров елдегі ықпалды тұлғалардың бірі саналатын Камчыбек Ташиевті Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметтерінен босату жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл шешім ел саяси өмірінде күтпеген қадам ретінде бағаланып отыр. Ташиев ұзақ жылдар бойы Жапаровтың ең жақын серігі әрі сенімді одақтасы саналды. Екеуінің ортақ саяси жолы 2010 жылы «Мекенчил» партиясын құрудан басталған. Кейін олар бірнеше мәрте наразылық шараларына қатысып, саяси қысымға ұшыраған. 2020 жылғы оқиғалар кезінде Ташиевтің жақтастары Жапаровты қамаудан босатып, оның билікке келуіне шешуші рөл атқарған. Осыған байланысты сарапшылар Ташиевті «бейресми вице-президент» ретінде сипаттап келген.

Президенттің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов қабылданған шешімнің себебін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл қадам мемлекет мүддесін қорғау және қоғамда, соның ішінде мемлекеттік органдар арасында алауыздықтың алдын алу мақсатында жасалған. Негізгі басымдық – ел ішіндегі тұрақтылық пен бірлікті сақтау.

Сонымен қатар Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін уақытша атқару Жумгалбек Шабданбековке жүктелді. Ол 2020 жылдан бері аталған ведомство төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →