×

Тоқаев АҚШ елшісін қабылдады

Тоқаев АҚШ елшісін қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу барысында Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде елші АҚШ Президенті Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізді. Оның айтуынша, Құрама Штаттар Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға мүдделі.

Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы тиіс екенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Маңғыстау облысында референдум күні қоғамдық көлік тегін қатынауда
Бүгін, 09:43

Маңғыстау облысында референдум күні қоғамдық көлік тегін қатынауда

Қоғамдық көлікте тегін жол жүру бүгін сағат 21:30-ға дейін жалғасады
Республикалық референдумға өңір жоғары деңгейде дайындалған.
Учаскелерде тәртіп сақталып, дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтуде
Бейбіт күннің қадірін терең түсінетін ардагердің ақ батасы мен өнегесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым құнды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →