Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18–19 ақпан күндері Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады. Президент Дональд Трамптың шақыруымен Вашингтонда өтетін Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Тараптар бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмекті жеткізу бойынша нақты тетіктерді талқыламақ.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың басшыларымен де кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.