×

Тоқаев Бейбітшілік кеңесі аясында Трамп атындағы награда тағайындауды ұсынды

Тоқаев Бейбітшілік кеңесі аясында Трамп атындағы награда тағайындауды ұсынды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында АҚШ Президенті Дональд Трамптың құрметіне арнайы марапат тағайындау туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан Президенті бұл награда бейбітшілікті нығайту жолындағы ерекше жетістіктердің белгісі болуы тиіс екенін атап өтті. Өз сөзінде Тоқаев Трамптың көшбасшылық қасиетіне жоғары баға берді.

«Бейбітшілік кеңесі аясында Президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынамын. Бұл – оның бейбітшілікті ілгерілету ісіндегі ғаламат жетістіктеріне көрсеткен құрметіміз болмақ. Сіздің тегеурінді әрі көреген басшылығыңызбен Кеңес өзінің тарихи ізгі миссиясын абыроймен атқаратынына сенімдімін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бейбітшілік кеңесі деген не?

Бұл ұйым бастапқыда Газа секторындағы қарулы қақтығысты реттеу мақсатында Дональд Трамптың бастамасымен құрылған. Сарапшылар арасында бұл құрылым болашақта БҰҰ-ның баламасына айналуы мүмкін деген болжамдар айтылған болатын. Алайда 19 ақпанда өткен алғашқы отырыста Трамптың өзі Кеңес БҰҰ-ны алмастырмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Трамп БҰҰ-ның әлеуеті зор болғанымен, оның тиімді пайдаланылмай жатқанын сынға алған болатын.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →