×

Президенттің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды

Президенттің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Берік Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Шолпанқұлов бұл қызметтен өз еркімен берген өтініші негізінде кеткен. Ол Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымын 2021 жылдың сәуір айынан бері атқарып келген еді.

Контекст: 7 триллион теңге дауы

Берік Шолпанқұловтың қызметтен кетуі Президенттің банктер арқылы 7 триллион теңгенің сыртқа шығарылғаны туралы мәлімдемесіне қатысты айтқан пікірінен кейін болып отыр.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы отандық банктердің бірі көрші елден 7 триллион теңгені өзге мемлекеттерге «өткізуге» көмектескенін айтқан еді. Шолпанқұлов журналистерге берген сұхбатында бұл соманы «жай ғана айналым» деп атап, заң бұзушылық табылмағанын алға тартқан болатын.

Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров:

«Президент тексерілмеген ақпаратты жарияламайды. Егер ол 7 триллион теңге сомасында транзакциялар болғанын айтса – демек солай болғаны», — деп Шолпанқұловтың сөзін іс жүзінде теріске шығарған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →