Орталық сайлау комиссиясының екінші отырысында Брайль қарпімен әзірленген бюллетень макеті таныстырылды. Сондай-ақ стандарт форматтағы үлгісі де көрсетілді, дәл осы нұсқа барлық сайлаушыларға таратылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бюллетеньде мынадай сұрақ жазылады:
«Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»
Жауаптың екі нұсқасы ұсынылады:
– «иә – қабылдаймын»;
– «жоқ – қабылдамаймын».
Әр жауап нұсқасының оң жағында бос шаршы болады. Нұсқаулыққа сәйкес, сайлаушы таңдаған нұсқаның жанындағы бос шаршыға кез келген белгі қоюы тиіс.