×

ҚТЖ-да Конституциялық реформа және алдағы референдум мәселелері талқыланды

Қатысушылар ұсынылған түзетулердің мәніне егжей-тегжейлі тоқталды

ҚТЖ-да Конституциялық реформа және алдағы референдум мәселелері талқыланды
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппаратында компания басшылығы мен еңбек ұжымының «Әділ және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы елордалық штабының мүшелерімен, Парламент депутаттарымен және қоғам қайраткерлерімен кездесу болып өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бейнеконференцбайланыс құралдары арқасында іс-шараға онлайн режимінде ҚТЖ-ның барлық өңірлерінің, филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері де қатысты.

Іс-шараға Астана қаласы бойынша коалиция штабының басшысы Ерлан Қаналимов, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы және коалиция штабы басшысының орынбасары Мұхаммед Болысбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бас консультанты Диас Қожаев, қоғам белсендісі Еркебұлан Құлбасов және Есіл ауданы бойынша коалиция штабының басшысы Санира Жүсіпова қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру және алдағы республикалық референдумның маңыздылығын талқылау болды. 
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов алдағы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум болат магистралінің әрбір қызметкері үшін тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуді қамтамасыз ететін елдің даму векторының тарихи таңдауы болатынын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар әділ және прогрессивті қоғам құруға, сондай-ақ елдегі демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ұсынылған түзетулердің мәніне егжей-тегжейлі тоқталды. 

Спикерлер конституциялық реформа Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды қадам болып табылатынын және әрбір азаматтың саналы түрде қатысуын талап ететінін атап өтті. Әңгіме барысында теміржолшылар Негізгі заңдағы өзгерістер азаматтардың әлеуметтік қорғалуына және мемлекеттің құқықтық жүйесіне қалай әсер ететіні туралы толық ақпарат ала алды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →