×

Air Astana Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізді

Жидда, Медина және Дубайға алынған билеттерді 6 наурызға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі

Air Astana Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізді
Фото: Air Astana

Таяу Шығыстағы қалыптасқан тұрақсыз ахуалға және Иран әуе кеңстігінің жабылуына байланысты Air Astana әуе қомпаниясы ұшақтардың ұшу кестесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осыған байланысты Air Astana компаниясының бірқатар рейстері Қазақстанға қайтарылды

  • KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, KC205 және КС207 Астана – Дубай рейстері ұшып шыққан әуежайларына қайтып оралады.
  • KC899 Алматы-Дубай рейсі- Делиге, FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты.

28 ақпандағы Таяу Шығысқа ұшатын қалған рейстердің барлығы тоқтатылды.

Air Astana авиакомпаниясының хабарлауынша, Жидда, Медина және Дубайға алынған билеттерді 6 наурызға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →