×

Иранға жасалған шабуылдан кейін қазақстандық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Иранға жасалған шабуылдан кейін қазақстандық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді
Фото: BBC

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды”, – делінген Ақорда хабарламасында..

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды – Арман Қырықбаев
Бүгін, 18:56

Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды – Арман Қырықбаев

Жаңа Конституция бәсекеге қабілетті, білімді әрі технологиялық тұрғыдан сауатты ұрпақ өсіру үшін құқықтық негізді қалыптастырады
Бұған жауап ретінде Тегеран қарымта соққы беруге дайындалып жатқанын мәлімдеді
Жидда, Медина және Дубайға алынған билеттерді 6 наурызға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасын талқылады  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →