×

«Жастар таңдауы – жаңа Ата Заң»: Шығыс өңірінде ауқымды live-концерт өтті

12 мыңнан астам адам жиналды

«Жастар таңдауы – жаңа Ата Заң»: Шығыс өңірінде ауқымды live-концерт өтті
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өскемен қаласындағы Maxi Mall сауда-ойын-сауық орталығында «Жастар таңдауы – жаңа Ата Заң» атты ірі қоғамдық іс-шара өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ауқымды іс-шараға қала мен облыстан 12 мыңнан астам адам жиналды. Шара көрермендермен ашық диалог форматында ұйымдастырылып, Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын және алдағы референдумды қолдауға арналды.

Кештің алғашқы минуттарынан-ақ залда бірлік пен белсенділік атмосферасы сезілді. Жүргізушілер мен спикерлер азаматтық белсенділіктің маңызын, әр адамның ел болашағы үшін жеке жауапкершілігін ерекше атап өтті. Қатысушылар интерактивті бөлімдерге белсене қатысып, қол шапалақтау мен залдан жауап беру арқылы өздерінің нық ұстанымдарын білдірді.

Жиналған көпшілік алдында Конституцияны қолдау жөніндегі Жалпыұлттық коалицияның өңірлік штабының төрағасы мен мүшелері сөз сөйледі. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Рыпаков Денис Сергеевич, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген және жас белсенді Ануар Ахметқалиев болды.

«Жаңа Конституция – мемлекеттің орнықты дамуының берік негізі. Оны қолдай отырып, біз тұрақтылықты, әділеттілікті және сенімді алға қадам басуды таңдаймыз. Өңір тұрғындары белсенді азаматтық ұстаным танытып, жарқын болашақ үшін дауыс береді деп сенемін», – деді Денис Рыпаков өз сөзінде.

Кештің музыкалық бағдарламасында қазақстандық эстрада жұлдыздары Еркін Нұржанов, SADRADDIN және Мирас Жүгінісов өнер көрсетті. Олардың орындаулары кештің шарықтау шегіне айналып, әсіресе жастардың ыстық ықыласына бөленді.

Ұйымдастырушылар мұндай ауқымды іс-шаралар қоғамдық диалогты нығайтып, ашық пікір алмасуға тиімді алаң қалыптастыратынын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды – Арман Қырықбаев
Кеше, 18:56

Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды – Арман Қырықбаев

Жаңа Конституция бәсекеге қабілетті, білімді әрі технологиялық тұрғыдан сауатты ұрпақ өсіру үшін құқықтық негізді қалыптастырады
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды
Қуатты жарылыстар елдің түкпір-түкпірінде естілген
Бұған жауап ретінде Тегеран қарымта соққы беруге дайындалып жатқанын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →