×

Динара Закиева Иранда қаза тапқан балалар туралы пікір білдірді

Балалар – кез келген қақтығыстағы ең осал топ

Динара Закиева Иранда қаза тапқан балалар туралы пікір білдірді
Динара Зәкиеваның фейсбук парақшасы

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Иранда қыздарға арналған мектепке жасалған әуе соққысы салдарынан ондаған бала қаза тауып, көптеген бала жарақат алған трагедияға байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Омбудсменнің айтуынша, құқық қорғау саласындағы әріптестерімен бірге бұл қасіретті оқиғаға қатты күйзелген. Ол мектептердің «бейбіт аймақтар» екенін, ал білім беру мекемелеріне жасалған шабуыл халықаралық құқықтың бұзылуы болып табылатынын атап өтті. 

“Балалар – кез келген қақтығыстағы ең осал топ. Олар соғысты таңдаған жоқ, саяси шешімдер қабылдамайды және ересектердің әрекеттері үшін жауапты емес. Алайда ең ауыр зардапты дәл солар шегеді. Балалар жапа шекпеуі, қорқыныш сезінбеуі тиіс”, – деді Динара Зәкиева.

Омбудсмен Қазақстанның әрдайым келіспеушіліктерді бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы, бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік жолында реттеуді қолдап келе жатқанын айтып өтті.

Өкілетті уәкіл халықаралық қауымдастықты балаларды және олардың болашағын сақтау үшін диалогқа шақырды.

“Біздің ортақ міндетіміз – балаларға тыныш әрі ашық аспан астында өмір сүру құқығын қайтару. Бейбітшілік – әрбір баланың құқығы”, – деді балалар омбудсмені.

Динара Зәкиева Минаб қаласындағы мектепте қаза тапқан балалардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жаңа Конституция бәсекеге қабілетті, білімді әрі технологиялық тұрғыдан сауатты ұрпақ өсіру үшін құқықтық негізді қалыптастырады
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды
Қуатты жарылыстар елдің түкпір-түкпірінде естілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →