×

Тіл мәселесін ушықтыруға болмайды – Мұрат Әбенов

Көп адам Конституциядағы орыс тілінің заңдық мәртебесін қате түсінеді

 

Тіл мәселесін ушықтыруға болмайды – Мұрат Әбенов
СЦК при Президенте РК

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа Ата заң жобасының 9-бабының 2-тармағында көзделген, қоғамда қызу талқыланып жүрген норма – мемлекеттік мекемелерде орыс тілін қазақ тілімен қатар қолдану мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол өз сөзінде еліміздегі 20 миллионнан астам адамның 8-9 миллионы ересек адам екенін, ал оның шамамен үш жарым миллионы қазақ тіліндегі құжатты оқи алмайтынын айтты. Бұлардың арасында қазақ тілінде сөйлесе де, қазақша мәтінді түсінбейтін қазақтар аз емес екеніне тоқталды.

«Бұл азаматтар да осы елдің тұрғындары. Соның ішінде басым бөлігі жасы үлкен қалалық тұрғындар. Олар кеңес заманында туып-өскен, орысша оқыған. Осы азаматтар мемлекеттік ұйымдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына барып, орыс тіліндегі құжатты талап етуге құқылы. Біз олардың талабын орындауымыз керек. Қазақша оқи алмайтын болса, басқа не істейміз? Олар да өз еліміздің азаматтары емес пе? Сұраған құжатын беруден бас тартамыз ба? Әлде елден қуып шығамыз ба? Әрбіріміздің жанымызда жүрген туысымыз, досымыз, жақындарымыздың да ішінде ондай азаматтар бар ғой», – деп атап өтті депутат.

Оның айтуынша, көп адам Конституциядағы орыс тілінің заңдық мәртебесін қате түсінеді.

«Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ресми тіл» деп түсіндіреді кейбіреулер. Шын мәнінде мүлдем олай емес және ешқашан ондай болмаған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – жалғыз қазақ тілі. Ал Ата заңымыздың жаңа жобасында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады», – деп түсіндірді депутат.

Сондай-ақ М.Әбенов мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін адамдардан орыс тілін білу талап етілмейтінін, бірақ әкімдікте, басқа да жерлерде орыс тілін білетін қызметкерлер де болуы керек екенін, өйткені орысша құжат талап еткен адамдарға қызмет көрсету қажет болатынын тілге тиек етті.

Депутат, сондай-ақ, өз сөзінде тіл мәселесі елімізде біртіндеп шешіліп келе жатқанда орта жолдан жағдайды ушықтырып, шу шығармау керек екенін еске салды.

«Қазіргі таңда жас жеткіншектеріміздің 90 пайызы мектеп табалдырығын аттағанда қазақ сыныбына барады. Мектеп бітірген түлектердің 75 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады. 15 жыл бұрын 50 пайыздан аспайтын. Міне, бұл елімізде қазақ тілінің жағдайы жақсарып келе жатқанын көрсетпей ме? Одан артық не керек бізге?» – деді ол.

Мұрат Әбенов сөзінің соңында тіл мәселесін ушықтырудың салдары ауыр болуы мүмкін екенін, кейбір мемлекеттер осы тілге байланысты бір-бірімен қақтығысқа түсіп, өзара соғысып жатқанын, сондықтан онсыз да қазақ тілінің мәртебесі біртіндеп көтеріліп келе жатқанда ел ішіне іріткі салып, қоғамда дау тудырудың қажет емес екенін жеткізді. Айналаға қарап, түрлі жағдайды қаперге алудың маңызды екенін тілге тиек етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр – Ақорда
Бүгін, 16:19

Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр – Ақорда

Кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет
Балалар – кез келген қақтығыстағы ең осал топ
Жаңа Конституция бәсекеге қабілетті, білімді әрі технологиялық тұрғыдан сауатты ұрпақ өсіру үшін құқықтық негізді қалыптастырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →