×

Трамп Ирандағы әскери операцияның қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

Трамп Ирандағы әскери операцияның қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты
Kenny Holston / Poolв / Reuters

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы басталған әскери операцияның алдағы төрт аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Daily Mail басылымына берген сұхбатында Ақ үй басшысы барлық іс-қимыл жоспар бойынша жүріп жатқанын және Иранның жоғарғы басшылығы толықтай дерлік «жойылғанын» атап өтті. Президенттің айтуынша, сөз шамамен 48 жоғары лауазымды тұлға туралы болып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Трамп Иран тарапымен келіссөздер жүргізуге әлі де дайын екенін, бірақ Тегеранның қолайлы сәтті өткізіп алғанын айтты.

«Олар келіссөздерді қалайды, бірақ мен: «Сіздерге осы аптада емес, өткен аптада сөйлесу керек еді» дедім», — деп атап өтті АҚШ лидері.

Сонымен қатар ол The Atlantic басылымына берген сұхбатында Вашингтонмен байланыста болған кейбір ирандық келіссөзшілердің соққылар кезінде қаза тапқанын растады.

Айта кетейік, 1 наурыз күні Трамп соңғы 48 сағат ішінде американдықтарға екінші мәрте үндеу жасады. Ол Иранның қарымта соққыларынан қаза тапқан үш АҚШ сарбазы үшін кек алуға ант беріп, Тегеранға жаңа ультиматум қойды. Бұған дейін Израиль мен АҚШ-тың бірлескен операциясы барысында Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи, қорғаныс министрі Азиз Насирзаде және IRGC қолбасшысы Мохаммад Пакпурдың қаза тапқаны ресми түрде расталған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылық зиялы қауым өкілдері референдумға қатысуға шақырды
Бүгін, 08:00

Алматылық зиялы қауым өкілдері референдумға қатысуға шақырды

Бұл – жай ғана саяси рәсім емес, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең
Саясаттанушының айтуынша, келесі кезең – сайлаушыларды жұмылдыру
Көп адам Конституциядағы орыс тілінің заңдық мәртебесін қате түсінеді  
Кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →