×

АҚШ пен Израиль Аятолла Әли Хаманейдің қайда екенін қалай анықтады?

Таяу Шығыста соғыс оты тұтанды 

АҚШ пен Израиль Аятолла Әли Хаманейдің қайда екенін қалай анықтады?
Фото: Reuters

Иранның жоғарғы басшысы Аятолла Әли Хаменеи 28 ақпан күні жасалған шабуылдан қаза тапты. Израиль мен АҚШ-тың бұл шабуылы таңертең жасалды. Олар шабуылға дейінгі бірнеше сағат бұрын жасалған барлау жұмысының дерегіне сүйенген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

BBC деректеріне зер салсақ, АҚШ пен Израиль бірнеше ай бойы олар жоғары лауазымды ирандық шенеуніктердің бас қосқанын күткен. Ал Хаменеидің сенбі күні таңертең Тегеран орталығындағы ғимаратта болатынын анықтаған. Сондай-ақ оларға сол уақытта бас қосқан басқа да жоғары лауазымды Иранның әскерилері мен барлау қызметкерлерінің орнын да анықтаған.

Бірнеше ай бойы АҚШ пен Израиль Хаменеидің жүріп-тұрған барлық жерін бақылаған. Бірақ нақты қалай бақылағандары құпия болып қалды. АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі бір жазбасында сөз астарында сол жағдайды айта кетті.

«Ол біздің барлауымыз бен заманауи бақылау жүйелерімізден құтыла алмады», — деді Трамп.

Хаменеидің қайда екенін жергілікті тыңшы арқылы немесе заманауи аңдуға көмектесетін технологиялармен анықтауы мүмкін.

Айта кетейік, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады. 1 наурыз күні Иран мемлекеттік ақпарат құралдары Иранның жоғарғы басшысы Али Хаменеидің өлімі туралы ақпаратты растады. Ормуз бұғазы жайлы және саяси ахуалдың Қазақстанға әсері жайлы материалымыздан оқыңыз. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл – жай ғана саяси рәсім емес, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең
Саясаттанушының айтуынша, келесі кезең – сайлаушыларды жұмылдыру
Көп адам Конституциядағы орыс тілінің заңдық мәртебесін қате түсінеді  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →