Манас Қайыртайдың жазуынша, Fairmont The Palm резиденциясынан қазақстандықтар 97 пәтер сатып алған
28 ақпан күні Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасап, Иранды 40 жыл бойы билеген Аятолла Әли Хаманеи көз жұмды. Оның қазасынан кейін Иран мен Израиль бір-біріне шабуылдап жатыр. Иран парсы жағалауындағы елдерге, соның ішінде БАӘ астанасы Дубайға да шабуыл жасады. Дубайдағы қазақтар үй сатып алған Fairmont The Palm резиденциясына да соққы тиіп, қызыл өртке оранды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Журналист Манас Қайыртайұлы Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясынан үй алғандардың біразының аты-жөнін жариялады:
Бір жыл бұрынғы Азаттық радиосы зерттеуінде C4ADS ұйымының есебін жариялаған еді. C4ADS — халықаралық қылмыс пен кикілжіңдерді зерттейтін коммерциялық емес ұйым. Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан. 2020-2021 жылғы есеп бойынша 1550 қазақстандықтың Дубайда 2700 жылжымайтын мүлкі бар. Жалпы құны - 1 млрд доллардай болады. Дубай Иранның шабуылына дейін әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың бірі саналатын. Ендігі геосаяси тұрақсыздыққа байланысты бұл тұжырымның өзгеретіні анық. Сондай-ақ, бейнематериалда Exeter университетінің профессоры, Орта Азияны зерттеуші Джон Хизершоу мың жарым қазақстандықтың арасында кәсіпкерлікпен айналысып, өз ақшасына жылжымайтын мүлік алғандардың болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дегенмен әр жағдайды жеке-жеке қарастыру керек. Себебі, биліктегі атан түйедей таразының бір басын басып тұрған туысы, досы, сыбайласының арқасында да заңды белшесінен басқандар болуы мүмкін.
Азаттық өз зерттеуінде мұнай-газ саласында жоғары қызмет атқарған азаматтар жайлы. Кейбірі Дубайдан бірнеше пәтер, енді бірі жеке вилла сатып алған. Бағасы жүздеген мың доллардан бастап, бірнеше миллион долларға дейін барады. Журналист Манас Қайыртай хабарласа алған шенеуніктерден сол дүние-мүліктің табыс декларациясында көрсетілгені жайлы, табысы жайлы сұрады. Бірақ көбі жауап беруден бас тартты.
Айта кетейік, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады. 1 наурыз күні Иран мемлекеттік ақпарат құралдары Иранның жоғарғы басшысы Али Хаменеидің өлімі туралы ақпаратты растады. Ормуз бұғазы жайлы және саяси ахуалдың Қазақстанға әсері жайлы материалымыздан оқыңыз.