×

Қазақстан Таяу Шығыстағы азаматтарын қалай қайтармақ

Қазақстан Таяу Шығыстағы азаматтарын қалай қайтармақ
Gov.kz

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты қазақстандықтарды елге қайтару шаралары қолға алынғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда зардап шеккен азаматтар туралы ресми ақпарат тіркелмеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дипломатиялық мекемелердің дерегіне сүйенсек, өңір елдерінде жүрген Қазақстан азаматтарының саны мынадай: Біріккен Араб Әмірліктерінде – 3 500, Сауд Арабиясында – 3 000, Қатарда – 1 500, Иранда – 82, Бахрейнде – 168, Кувейт пен Иорданияда – әрқайсысында 134, ал Израильде шамамен 100 адам бар.

Әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты азаматтар қонақүйлерге орналастырылып, қажетті жағдай жасалуда.

Эвакуация барысында алдымен қарттар, әйелдер мен балаларға басымдық берілген. Бұған дейін Тегеран қаласынан 50 қазақстандық елге жеткізілген.

3 наурызға Air Astana төрт арнайы рейс ұйымдастыруды жоспарлап отыр: екі рейс – Мединаға, екеуі – Жиддаға. Алайда бұл ұшулар Сауд Арабиясы мен Мысыр тарапынан тиісті рұқсат алынған жағдайда ғана орындалады.

Сонымен қатар Қазақстан көрші мемлекеттермен – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Армениямен бірлесіп, эвакуация процесін үйлестіру бағытында жұмыс жүргізуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →