×

8 ел Еуропаның қауіпсіздігі үшін бірікті: Макрон ядролық қарумен тоқтау салу саясатын күшейтпек

8 ел Еуропаның қауіпсіздігі үшін бірікті: Макрон ядролық қарумен тоқтау салу саясатын күшейтпек
Фото: Эммануэль Макрон / Instagram

АҚШ пен Израильдің Иранға соққысынан кейін 40 жыл билеген Иранның басшысы Аятолла Әли Хаманеи көз жұмды. Осы жағдайдан кейін жауап ретінде Иран Парсы жағалауындағы елдерге ашық шабуылды бастады. Еуро одақтағы жалғыз ядролық арсеналы толық Франция елінің президенті Эммануэль Макрон осы жағдайлардан кейін ядромен тоқтау салу саясатының жаңарған стратегиясы атты жаңа жоспарды ұсынды. Ол жоспарға Еуро одақтағы 8 ел қосылып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Франция, Германия, Ұлы Британия, Польша, Нидерланды, Бельгия, Греция, Швеция және Дания елдері бірігіп, Еуропаны қорғау үшін жаңаша жоспарға көшті. Франция президенті Эммануэль Макрон француздардың ядролық зымырандарының санын көбейту жайлы тапсырма берді. Олар жайлы ақпараттарды жария етуді доғаруды тапсырды. 8 елдің тізе қосу себебі — бірге әскери жаттығулар өткізіп, әуе кеңістігін пайдаланып, басқа елдер шабуылдаған жағдайда бірге жоспар құрып, төтеп беру немесе жауап беру жайлы келісім.

«Президент ретінде мен біздің өмірімізге қатысты шешімдерді қабылдағанда қалт етпеймін. Қазіргі қауіп-қатерді ескеріп,біз еуропа континентінің іргелі принциптеріне сүйене отырып, егемендігімізге деген құрметпен қарап, мен алдыңғы шептегі ядромен тоқтау салу деп атайтын нәрсені біртіндеп енгізе отырып күшейтуіміз қажет», — деді Эммануэль Макрон.

Айта кетейік, әлемдегі ядролық қарудың шамамен 90 пайызы бар АҚШ пен Ресей де әлі күнге ядролық қаруды ұстап, жаңартып жатыр. Қытай мен Солтүстік Корея да ядролық қорын барынша көбейтіп, өзінің қорғанысын нығайтуға күш салып жатыр. Үндістан мен Пәкістан да ядролық қаруды қорғаныс кепілі ретінде ұстап отыр. Әлемдік ұйымдарға есеп бермеген Израиль ресми жария етпесе де ядролық қару ұстайды. Ал Қазақстан 1949-1989 жылғы Семей полигонынан кейін ресми түрде ядролық қарудан бас тартты. Бұл сынақтар үлкен экологиялық апат болып, мал-жан қырылып, түрлі мүгедек, шалажансар адамдардың туылуына әсер етті. Мұндай нәубетті Қазақстан құптамай, 1991 жылы ядролық қарудан бас тартып, толық Ресейге берді. 

Дегенмен қазіргі таңда Ресейдің Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонының бір бөлігі Батыс Қазақстанда орналасқан. Орал қаласынан 550 шақырым жерде полигон бар. Бұған дейін сол маңдағы халық наразы болып, мүгедектердің көбейгенін айтып, экологтарға сараптама жасатқан. Сараптама бойынша радиация келісімшарттан 4 есе артық шыққан. Бұл адам денсаулығына өте зиян. Зымырандар түскен жерлер 12 метрге дейін ойық болып қалады. 

Айта кетейік, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады. 1 наурыз күні Иран мемлекеттік ақпарат құралдары Иранның жоғарғы басшысы Али Хаменеидің өлімі туралы ақпаратты растады. Ормуз бұғазы жайлы және саяси ахуалдың Қазақстанға әсері жайлы материалымыздан оқыңыз. Сонымен қатар Иранның соққысынан зардап шеккен The Palm резиденциясынан қазақстандықтар жайлы мына жерден оқыңыз. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →