×

Зеленский: Таяу Шығыс лидерлері Путинді бітімге келуге көндіре алады

Зеленский: Таяу Шығыс лидерлері Путинді бітімге келуге көндіре алады
UKRAINIAN PRESIDENTIAL OFFICE / AFP

Украина Президенті Владимир Зеленский Таяу Шығыс елдерінің басшыларына Ресей Президенті Владимир Путинді кем дегенде бір ай мерзімге соғысты тоқтатуға (бітімге келуге) көндіруді ұсынды. Егер осындай келісім орнаса, Украина ирандық ұшқышсыз ұшақтарды (дрон) атып түсіру бойынша тәжірибелі мамандарын аймақ елдеріне жіберуге әзір, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Зеленскийдің айтуынша, Украина төрт жылға созылған соғыс барысында ирандық «Шахед» дрондарын жою бойынша бірегей тәжірибе жинақтаған. Қазіргі уақытта Иран дәл осы дрондарды Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Сауд Арабиясына қарсы қолдануда.

«Мен мынаны ұсынар едім: Таяу Шығыс лидерлерінің Ресеймен қарым-қатынасы өте жақсы. Олар ресейліктерден бір айға бітім жариялауды сұрай алады», — деді Украина басшысы.

Егер соғыс қимылдары уақытша тоқтаса, Украина БАӘ, Сауд Арабиясы мен Қатардың бейбіт халқын қорғау үшін өзінің үздік операторларын жібермек. Айта кетейік, 28 ақпанда басталған Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы операциясына жауап ретінде Тегеран аймақтағы Израиль нысандарын, АҚШ-тың әскери базаларын атқылаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →