×

Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүліктерін тексеруді талап етпек

Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүліктерін тексеруді талап етпек
Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Бас прокуратураға ресми сауал жолдап, Дубайда қымбат мүлкі бар бұрынғы шенеуніктердің ісіне құқықтық баға беруді талап етпек. Бұл туралы депутат 4 наурыз күні Парламент кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Саировтың айтуынша, қағаз жүзінде заң бұзылмаған күннің өзінде, экс-шенеуніктердің мұндай байлығы моральдық тұрғыдан «адамдыққа жатпайды».

Депутаттың бұл бастамасына Дубайдағы Fairmont The Palm тұрғын үй кешенінде болған өрт себеп болды. 1 наурызда орын алған төтенше жағдайдан кейін әлеуметтік желілерде зардап шеккен пәтерлердің арасында қазақстандық алпауыттардың баспанасы болуы мүмкін екені қызу талқылана бастады.

Зерттеу деректері бойынша, аталған кешенде қазақстандықтарға тиесілі 97 пәтер бар. Олардың қатарында Сенаттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталовтың жары Бағдат Баталова және өзге де лауазымды тұлғалардың жақындары аталады.

Ерлан Саиров Бас прокуратура бұл деректерге бейжай қарамай, тиісті реакция білдіруі тиіс деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанға келіп тәуелсіздік жайлы сөйлеген Ресей депутаты «шетелдік агенттер» тізіміне енді
Бүгін, 11:41

Қазақстанға келіп тәуелсіздік жайлы сөйлеген Ресей депутаты «шетелдік агенттер» тізіміне енді

2026 жылы Алматыда түсірілген видеода Иванов Қазақстандағы тәуелсіздік пен еркіндікті басты байлық деп атап, туған елі саханың ондай тәуелсіздікке қолы жетпегенін айтты
Еңбек адамының мүддесін қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, әділ еңбекақы төлеу мәселелері жоғары құқықтық деңгейде бекітілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →