Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, құқық қорғау және күштік құрылымдарға, сондай-ақ өңір әкімдеріне стратегиялық маңызы бар нысандардағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді жүктеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы Премьер-министрге, күштік құрылымдардың жетекшілеріне, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялар басшыларына, сондай-ақ аймақ әкімдеріне бағытталған.
Тапсырмаға сәйкес, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігі күшейтілуі тиіс. Бұл қатарға әуежайлар, теңіз және өзен порттары секілді маңызды көлік нысандары да кіреді.
Аталған жұмысты үйлестіру міндеті Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.