×

Арман Қырықбаев: Президенттің жаңа Ата Заңдағы идеялары халық сұранысына сай

Арман Қырықбаев: Президенттің жаңа Ата Заңдағы идеялары халық сұранысына сай

Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев алып қала Алматының жастарымен бірге жаңа Конституцияның негізгі ережелерін талқылап, олардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ашық әрі мазмұнды өткен кездесу барысында студенттер, белсенділер мен қоғам өкілдері жаңа Ата Заң туралы сауалдарын қойып, ел болашағына қатысты маңызды пікірлерін айтты.

Іс-шарадан кейін Арман Қырықбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жастардың конституциялық реформаға деген қызығушылығы мен ықыласы зор екеніне назар аударды.

«Жастардың тарапынан елімізде болып жатқан ауқымды өзгерістерге деген үлкен ықыласты байқап тұрмын. «Жаңа Конституция жастарға не береді?» деген сияқты қарапайым көрінгенімен, бірақ аса маңызды сауалдар қойылды. Тіпті Конституцияның кейбір баптарына дейін үңіліп, оның мағынасын сұрағандар болды. Жастар референдумға шығарылып жатқан Ата Заңның ең алдымен өздерінің болашақ өмірін реттейтінін, Қазақстан Республикасының болашағын айқындайтын құжат екенін өздері түсініп, түйсігімен сезініп отыр», – деді Президенттің көмекшісі.

Сұхбат барысында ол жаңа Конституцияның жобасында Президенттің «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп», «Таза Қазақстан» секілді стратегиялық идеялары толықтай көрініс тапқанын атап өтті.

«Президент өз Жолдауларында, мақалалары мен сөздерінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты, қоршаған ортаға қамқорлық, еліміздің мыңжылдық тарихи сабақтастығы мен «Әділетті Қазақстан» идеяларын үнемі айтып келеді. Әсіресе жастарға арнап жиі айтады. «Заң мен Тәртіп» қағидаты біздің елімізде кейбір батыс мемлекеттерінен әлдеқайда бұрын айтыла бастағанын да ұмытпауымыз керек», – деді Арман Қырықбаев.

Бұл ретте ол жаңа Ата Заңның негізгі авторы кім екен деген қисынды сұраққа да нақты жауап берді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының жаңа Конституцияда көрініс тапқан идеялары мен бастамалары халықтың көкейінде жүрген тілектерін айқындайды.

«Халық нені көздейді? Неге ұмтылады? Әрине әділеттілікке ұмтылады. «Заң мен Тәртіптің» мейілінше салтанат құруына ұмтылады. Еліміз таза болса екен, адамдардың ниеті дұрыс болса екен дейді. Яғни, Мемлекет басшысы осы өміршең идеяларды айтқан кезде халықтың көкейінде жүрген дүниені дөп басып отыр. Ал енді бұлардың барлығы жаңа Ата Заң мәтінінде көрініс тауып отырғандықтан, әрине, Мемлекет басшысын жаңа Конституция жобасының негізгі авторы дей аламыз, – деп сөзін түйіндеді Арман Қырықбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Референдум – елімізде болып жатқан ең ауқымды өзгерістердің бірі
Жаңа Конституция еліміздің нық әрі гүлденген болашағының берік іргетасы екені тағы бір мәрте айқындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →