×

Атыраулық кәсіпкер Абай Әміров референдумға белсенді қатысуға шақырды

Бұл маңызды саяси оқиға елдің одан әрі дамуы мен тұрақтылығына ықпал етеді

Атыраулық кәсіпкер Абай Әміров референдумға белсенді қатысуға шақырды
Видеодан кадр

Атырау облысының кәсіпкері Абай Әміров Қазақстан азаматтарын 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, бұл маңызды саяси оқиға елдің одан әрі дамуы мен тұрақтылығына ықпал етеді. Кәсіпкер жаңа Конституцияны қабылдау қоғамның түрлі салаларына, соның ішінде бизнес ортасына да оң әсерін тигізетінін атап өтті.

«Қазақстанның бизнес қауымдастығы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша референдумды қолдайды. Бұл елдегі экономиканы нығайту, құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз ету және бизнесті ашық жүргізу үшін маңызды қадам», – деді Абай Әміров.

Кәсіпкердің пікірінше, референдум азаматтарға ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Сондықтан ол барша қазақстандықтарды өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Референдум – қоғамның пікірін ескеріп, мемлекет дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды демократиялық құралдардың бірі. Бизнес қауымдастығы да бұл үдерістің ашық әрі тиімді өтуіне мүдделі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →